Ұлттық банк “Медеу” мұз айдынына арналған коллекциялық монеталарды шығарды

0
330

Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылдың 23 ақпанынан бастап «Республика игілігі» монеталар сериясынан 500 теңгелік «MEDEÝ» коллекциялық монеталары сатылымға шығатынын хабарлады.

Пандемия салдарынан монеталардың сатылымы банктің интернет-дүкенінде онлайн-сату және жеткізу платформасы арқылы жүзеге асады. «MEDEÝ» коллекциялық монеталар туралы

Монеталар алтын жалатылған күмістен, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, «proof» сапасымен, таралымы 3 000 данада дайындалды. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монета дизайнының графикалық тұжырымдамасы бүкіл әлемге әйгілі «Медеу» биік таулы мұз айдынын қоршаған Іле Алатауының жартасты тауларын аллегориялық қабылдау негізінде жасалған. Коллекциялық монеталар Қазақстанның барлық аймағында қарапайым ақша ретінде қолданылады. Яғни, банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Тіпті, барлық банктерде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

«MEDEÝ» коллекциялық монеталары Қазақстанның теңге сарайында дайындалды.

Оқи отырыңыз – Ұлттық банк 100 теңгелік жаңа монеталарды айналымға енгізді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз