Апта қорытындысы: 5617 адам коронавирус жұқтырып, 52 адам қайтыс болды

0
196

15-21 ақпан аралығында Қазақстанда 5617 адам коронавирус жұқтырып, 52 адам вирустан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек белгілері коронавирусқа ұқсас пневмоняны 295 кісі жұқтырып, 12 адам қайтыс болған.

21 ақпан таңертеңгі ақпарат бойынша Қазақстанда 766 адамнан коронавирус табылды. 38 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 4 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 207 418 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 48970 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан.

Қазір коронавирустан 21 417 адам ( оның ішінде 7790 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 237 адамның жағдайы ауыр, 54 науқастың жағдайы өте ауыр. 45 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз