Қанат Ислам нокаутпен жеңіске жетті (видео)

0
839

Бүгін, тәжірибелі қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) кезекті жекпе-жегінде Майамиде (Флорида, АҚШ) 27 жастағы эквадорлық Джейсон Миндамен (14-2-1, 8 КО) кездесті. 

Қанат Ислам бүгінгі жекпе-жегінде барынша сенімді ойын көрсетуге тырысты. Эквадорлық боксшы да оңай қарсылас емес. Сондықтан әрбір раунд тартысқа толы болды.

Алғашқы секундтан бастап 36 жастағы қазақстандық басымдық танытты. Төртінші раундта Қанат Ислам эквадорлықты бірінші рет нокдаунға жіберді. Раунд өткен сайын Қанат қарсыласын тығырыққа тіреді. Жетінші раунда Минданың кезекті нокдаунынан кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатып, жерлесіміздің жеңісін тіркеді.

Осылайша, Қанат Ислам 28-жекпе-жегінде 28-рет жеңіске жетті. Оның 22-сінде қарсыластарын нокаутқа жіберді.

Қазақстандық Қанат Ислам 2012 жылдың 28 қыркүйегінен бері кәсіпқой бокста сынға түсіп келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз