Қайрат чемпиондар лигасының 1/4 финалына өтті (видео)

0
131
АФК Қайрат

Кіші футболдан чемпиондар лигасының 1/8 финалында Алматы қаласының “АФК ҚАйрат” футзал командасы өз алаңында румыниялық “Юнайтед Галац” командасын жеңді.  

Алматы қаласындағы “Nur-Aman” спорт кешенінде өткен ойында 6-1 есебімен “Қайрат” командасы жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Ойынның 4 минутында “Қайрат” сапындағы Ранжел есеп ашты. Көп ұзамай ойынның 12 минутында Савио есепті еселеп екінші голды соқты. Бірінші таймда екі гол жіберіп алғаннан кейін, “Юнайтед Галац” командасы алаңнан қақпашыны алып тастап 5 ойыншымен ойын тізгінін өз қолына ала бастады. Алайда бұл нәтижесіз болды.

Екінші таймда алматылықтар қарқынын одан әрмен үдете түсті. 23 минутта Фернандиньо есепті 3-0-ге жеткізді. Араға 6 минут салып 29 минутта Эдсон 4 голдың авторы атанды. Ойынның 34 минутында Есенамановтың голымен есеп 5-0 болды. Юнайтед Галац ойыншылары жалғыз голды ойынның 38 минутында соқты. Оған жауап ретінде матчтың бітуіне 16 секунд қалғанда Оразов есепті 6-1-ге жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз