1397 адам коронавирус жұқтырып, 15 адам қайтыс болды

0
206

26 қаңтарда Қазақстанда 1397 адамнан коронавирус табылды. 130 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 15 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 27 қаңтар таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Павлодар облысында (219) тіркелген. Ақмола облысында – 213, Нұр-Сұлтан қаласында – 147, Қостанай облысында – 141, Алматы қаласында – 139, СҚО – 108 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 181 117 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 47575 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 559 адам қайтыс болған. 35 348 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 27 119 адам ( оның ішінде 11668 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 266 адамның жағдайы ауыр, 39 науқастың жағдайы өте ауыр. 38 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз