155 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

0
183
Жедел жәрдем көліктері.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 129 және пневмониядан 26 адам қайтыс болды. Елде жалпы коронавирустан 6531 адам, пневмониядан 3840 адам өлді.Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

6 тамыз таңертеңгі ақпаратта 7769 адам вирус жұқтырып, 7696 адам індеттен айыққан. Жазылып шыққандардың саны 507 661 адамға, ал вирус жұқтырғандардың саны 618 513 адамға жетті.

Жалпы 107 807 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 3486 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 30 139 адам стационарда, ал 77 688 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 1884 адамның жағдайы ауыр, 400 адамның жағдайы өте ауыр және 187 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз