Ресейдегі әскери оқу орнында Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды

0
192

Воронеж қаласындағы Әскери-әуе академиясының командалық факультетінде екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәрісхананы құру идеясын оқу орнының басшылығы қолдады. Онымен қоса авиацияның жауынгерлік іс-қимылдарын қамтамасыз ету факультетінде оқитын қазақстандық әскери қызметшілер – магистратура тыңдаушыларының қолдауымен іске асты.

Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінен дәрісханаға арналған экспонаттар, атап айтқанда Талғат Бигелдиновтің мемлекеттік наградаларын қоса алғанда, оның жеке заттары, Ил-2 ұшағының макеті, «Алтын жұлдыз» медальдары мен наградтау құжаттарының көшірмелері, архивтік фотосуреттері берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз