19 мыңға жуық қазақстандық коронавирустан емделуде

0
132

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында бүгінгі күні нақты 18 758 адам коронавирустан ем қабылдауда.

9 наурыздағы мәлімет бойынша 19 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 4946 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 4 638 адам стационарда, ал 14 120 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 254 адамның жағдайы ауыр, 54 адамның жағдайы өте ауыр және 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда өткен тәулікте 571 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 464 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 7 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз