“Тобыл” – Суперкубок жеңімпазы (видео)

0
195

Футболдан Қазақстан суперкубогінің финалдық матчында елордалық “Астана” мен қостанайлық “Тобыл” командалары кездесіп, 5:4 пенальти есебімен “Тобыл” командасы жеңіске жетті.

Атап өтейік, барлық ойын Түркістан қаласындағы “Түркістан-арена” стадионында өтті.

Алғашқы таймның 14 минутында Сергей Малый бұрыштамадан баспен гол соғып есеп ашты. Екінші таймның соңғы минуттарында Марин Томасов соққысымен есепті теңестірді. Осылайша, жаңа мәнерде өтіп жатқан суперкубок ойынының ережесі бойынша негізгі уақыт аяқталғаннан кейін командалар пенальти сериясын бастады. Пенальти сериясында 5:4 есебімен “Тобыл” командасы жаңа футбол маусымына кубокпен аяқ басты.

“Тобыл” үшін бұл клуб тарихындағы алғашқы суперкубок. Биыл турнир жаңа форматта өтті. Онда жартылай финал және финал ойындары өткізілді. Жартылай финалда “Тобыл” негізгі уақытта 3:3 кейін пенальти сериясы арқылы “Қайратты” жеңді, ал “Астана” “Шахтерді” (2:0) есебімен жеңді. Үшінші орын үшін матчта “Қайрат” “Шахтерді” (2:1) есебімен жеңді.

Қазақстан Суперкубогі – 2008 жылдан бері өтіп келе жатқан және бүгінге дейін өзінің бастапқы түрінде сақталған отандық футболдағы жалғыз ауыспалы кубок.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз