Бас санитар дәрігер крантинге қатысты қаулыға өзгеріс енгізді

0
658
Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов. Photo: inform.kz

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың коронавирустың алдын алу жөнінде жаңа қаулысы шықты. 

Қазақстан бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Nо68 “Карантин шектеу шаралары және оларды біртіндеп азайту туралы” қаулысына (бұдан әрі – ПГСВ No68) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

“9) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында:

– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, “1 сынып – 1 кабинет” қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға  рұқсат беріледі”.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз