20 мыңнан астам қазақстандық коронавирустан емделуде

0
207

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында бүгінгі күні нақты 20 342 адам коронавирустан ем қабылдауда.

25 ақпандағы мәлімет бойынша 20 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 7 081 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 4 538 адам стационарда, ал 15 804 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 240 адамның жағдайы ауыр, 53 адамның жағдайы өте ауыр және 46 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 696 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 3 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз