Қолжетімді баспана: Құрылыс компанияларымен алдын ала келісім жасалады

0
349

25 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-ші отырысы басталды. Жиында президент қолжетімді баспана мәселесін шешу туралы айтты.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы қалай өтті?

“Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер “Нұрлы жер” бағдарламасындағы бағамен сатып алынады”, – деді ол. 

Презиент сонымен қатар, егер кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратынын айтты.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылып, алғашқы отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте өтті. Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сарапшылар кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз