Медициналық оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы көбейеді

0
755
Студенттер.

25 ақпанда өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-ші отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі медициналық оқу орындарында оқитын студенттердің шәкіртақысын көбейту керектігін айтты.

Оқи отырыңыз: Қолжетімді баспана: Құрылыс компанияларымен алдын ала келісім жасалады

“Бұған дейін біз педагогикалық жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің стипендиясын көтеру туралы шешім қабылдадық. Бұл қадам өз жемісін берді. Сондықтан медициналық оқу орындарындағы стипендияны көбейту қажет”, – деді Тоқаев.

Президент шәкіртақы көлемінің нақты неше есе көбейетінін ашып айтпады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 2019 жылы 12 маусымда құрылып, алғашқы отырысы 2019 жылы 6 қыркүйекте өтті. Ұлттық кеңестің құрамына әртүрлі саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сарапшылар кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз