Қазақстанда 110 мың адам коронавирустан емделуде

0
131

5 ақпанда денсаулық сақтау министрлігі елде 110 876 адамның коронавирустан ем қабылдап жатқанын хабарлады.

Кейінгі мәлімет бойынша 110 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде тек 1 195 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 9 950 пациент стационарда, 100 926 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 430 адамның жағдайы ауыр, 161 адамның жағдайы өте ауыр және 86 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

Қазақстанда 5 ақпандағы ақпарат бойынша 5721 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 14900 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 20 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз