Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар күн сайын көбейіп жатыр

0
169
Жедел жәрдем көліктері.

Қазақстанда өткен тәулікте 2765 адамға коронавирус жұққан. 19 адам індеттен қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі тағы 87 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылғанын, 6 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Коронавирус жұқтырғандар саны Нұр-Сұлтан (797) мен Алматыда (385), сонымен бірге Қарағанды облысында (463) тіркелген. Эпидемологиялық ахуалға байланысты Қазақстан қазір “қызыл аймақта” тұр.

Пандемия басталғалы бері 430 928 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 25 мыңға жуығы емделіп жатыр. 4418-і қайтыс болған.

Өткен жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 57 276 адамға жетті. 3458-і көз жұмды.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 3 млн 612 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 2 млн 134 мың адам екі дозасын алған. Халыққа ресейлік “Спутник V”, қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және “Sinovac Biotech Ltd” компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасын егіп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз