Зейнетақы және жәрдемақы туралы ақпарат алатын орталықтың нөмірі өзгерді

0
309

Қазақстанда әлеумет және еңбек саласындағы мәселелер бойынша ақпарат алатын колл-орталықтың нөмірі өзгерді. Азаматтар енді 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады. Бұрын бұл нөмір 1411 болатын.

Тұтынушылар зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңесті 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып ала алады. Қоңырау шалған соң, қосымша 5 нөмірін теру қажет.

“1414 техникалық платформасына көшу қабылданбай қалатын қоңыраулардың үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз мұнымен 1411 желісін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындарды оңтайландырамыз. Қазір біз дыбыстық қоңырауларды ғана емес, мәтін хабарламаларды да қабылдауға болатын омниканалды жүйені қолданамыз. Қазақстандықтар @kenes1414bot телеграм ботында “Зейнетақымен қамсыздандыру” бөлімінде әлеуметтік еңбек саласы мәселелері бойынша операторға хабарлама жіберіп, сол жерден жауап ала алады. 1411 нөмірі енді қол жетімді емес”, – деді “Азаматтарға арналған үкімет” басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

Азаматтар әлеуметтік-еңбек саласына қатысты сұрақтарын дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі (жексенбі – демалыс) күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдай алады. Қоңырау шалу – тегін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз