Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азаюда

0
53

8 қарашадағы ақпаратта 1031 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 27 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда соңғы бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 1080 адам індеттен жазылды. Ал, 9 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 949 630 адамға, жазылғандардың саны 901 843 адамға, ал қайтыс болғандар саны 12 259 адамға жетті.

Барлығы 40 856 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Қазіргі таңда 7 563 адам стационарда, ал 33 293 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 556 адамның жағдайы ауыр, 144 адамның жағдайы өте ауыр және 104 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз