Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны көбеюде

0
186
Жедел жәрдем көліктері.

4 тамыздағы ақпарат бойынша 124 адам коронавирустан, 25 адам пневмониядан көз жұмды. Бұдан бөлек 7519 адам коронавирус, ал 471 адам пневмонияға шалдықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Былтыр наурыз айынан бері елде 602 952 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 6277-сі қайтыс болған. Бұған қоса, коронавирус пневмониясына шалдыққандар 61 772 адамға жетті. 3781-і көз жұмған деп айтылады.

Қазіргі уақытта коронавирустан көз жұмғандар саны көбейіп барады. Соңғы бір аптадағы мәлімет бойынша:

  1. 04.08 – 124/25
  2. 03.08 – 110/16
  3. 02.08 – 86/16
  4. 01.08 – 91/13
  5. 31.07 – 86/14
  6. 30.07 – 80/21
  7. 29.07 – 81/16

Бұдан бөлек, 107 016 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 29 325 пациент стационарда, 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандардың арасында:
• 1 786 адамның жағдайы ауыр,
• 412 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Ал вакцинацияның бірінші компонентін алғандар 5,5 миллионнан, ал екінші компонентін алғандар 4 миллионнан асты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз