Қамшыбек Қоңқабаев Қазақстанға төртінші қола медальді әкелді

0
391

Токио Олимпиадасында аса ауыр салмақта (+91кг) Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда америкалық боксшы Ричард Торреспен кездесіп, техникалық жеңіліс тапты.

Қамшыбектің 3 раундта тұмсығы жарылып кетіп, қан тоқтамауына байланысты төрешілер кездесуді Ричард Торрестің есебіне тоқтатты. Осылайша боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Қазақстанға олимпиададағы 4-қола медальді әкелді.

Енді Ричард Торрес пен өзбекстандық Баходир Джалолов финалда алтын үшін айқасады.

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев 1/8-ші кезеңде мысырлық Юсри Хафезді сенімді ұтқан. Одан кейін 1/4 финалда Ресейдің екі дүркін чемпионы Иван Верясовты жеңді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз