Қазақстанда толық вакцина алғандар саны 6 миллионнан асты

0
92
Photo: Reuters

16 қыркүйектегі ақпаратта 7 194 860 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 6 019 027 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 3 343 адам вирус жұқтырып, 58 адам қайтыс болды. 4548 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 241 адам жұқтырып, 6 адам қайтыс болды. Пневмониядан 165 науқас емделіп шықты.

Жалпы 74 492 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 13 853 пациент стационарда, 60 639 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 1 105 адамның жағдайы ауыр, 321 адамның жағдайы өте ауыр және 194 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның үш түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз