Қазақстан құрамасы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді

0
147

Қазақстанның ұлттық футзал құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде катарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстандықтар, әлем чемпионатындағы топтық кезеңнің екінші турында алаң иесі Литваны 3-0 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Себебі топта қазір Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен бірінші орында тұр. Онымен бірге Қазақстанның келесі ойындағы қарсыласы Венесуэла құрамасы да 6 ұпаймен екінші орында, ал Литва мен Коста-Рика құрамаларында 0 ұпай.

Есепті алғашқы минутта Тайнан ашқан болатын. Жылдам голдан кейін біздің ойыншылар қарсыластың қақпасына ұзаққа дейін гол сала алмады. Қақпашы Игитаның айтуынша 23 секундта соғылған голдан кейін ұлттық құраманың ойыншылары тағы көп гол соғамыз деген ойда болып босаңсып қалды.

Қазақстанның ұлттық футзал құрамасының қақпашысы Игита

Осылайша араға 30 минут салып, екінші таймда шабуылшы Дәурен Тұрсағұлов есепті еселеп, қазақ жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Ал соңғы үшінші голды жас ойыншы Жомарт Тоқаевтың нәтижелі пасынан кейін шабуылшы Альберт Ақбалықов соқты.

Қазақстанның топтық кезеңдегі үшінші ойыны 18 қыркүйек күні, Венесуэла құрамасына қарсы өтеді. FIFA (Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы) рейтингісі бойынша Венесуэла 23 орында тұр, ал Қазақстан құрамасы 7 орында тұр.

Тайнан

Дуглас
Рикардо Кака, ұлттық құраманың тренері
Есенаманов
Біржан Оразов

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз