Қазақстанда вакцина алғандар саны 9 миллионнан асты

0
149

4 қаңтар таңертеңгі ақпаратта 9 001 422 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 8 531 065 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жалпы 16 631 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 2 153 пациент стационарда, 14 478 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 199 адамның жағдайы ауыр, 65 адамның жағдайы өте ауыр және 46 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның 4 түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell, ресейлік «Спутник V» мен жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер және жасөспірімдерге арналған “Pfizer” вакциналары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз