А.Мамин: Үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты шаралар қабылдайды

0
757

3 қаңтарда Жаңаөзендегі көлік жүргізушілерінің ереуілінен кейін Маңғыстау облысының АЖҚС (Автокөліктерге жанармай құю станциясы) иелері газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Президент Тоқаев Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты жағдайды тез арада реттеуге тапсырма берді. Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

“Баға дәліздерін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің және газ бағасының алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылатын болады”, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтар күні көлік жүргізушілері әкімдік алдында шеру жасап, көлік жолын жауып тастады. Олардың талабы көлікке жанармай орнына қолданатын газдың бағасын 120 теңгеден 50 теңгеге дейін түсіру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз