Қазақстандағы күнделікті коронавирус туралы ақпарат жаңарды

0
73
Жедел жәрдем көліктері.

11 қыркүйектегі ақпарат бойынша Қазақстанда 3676 адамнан коронавирус табылды. 249 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 84 адам – коронавирустан, 21 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы ақпарат бойынша ең көп науқас Алматы (889) қаласында және Қарағанды (390) облысында тіркелген. Одан кейін Алматы облысы (365) және Нұр-Сұлтан қаласы (317) тұр.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 835 924 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылдан астам уақыт ішінде жалпы 72472 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4651 адам қайтыс болған. 59653 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 79 884 адам коронавирус инфекциясынан (–71 716 + және 8 168 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 16 528 пациент стационарда, 63 356 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 1 316 адамның жағдайы ауыр, 346 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 193 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз