Барлық облыстар мен қалалар “қызыл аймақта”

0
162

11 тамыздағы ақпаратта елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық облыстар мен қалалар “қызыл аймақта”. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады.

Қызыл аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Қазақстанда 7657 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Одан бөлек 7521 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 130 адам коронавирустан қайтыс болды.

Ал, 6 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін, 4,5 миллионнан астам адам ІІ компонентін ектірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз