Магистратураға құжат тапсыру басталды

0
471
Photo: dw.com

Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру 11-14 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы білім министрлігі хабарлады.

Құжат тапсыру жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады. Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі. Кешенді тестілеуге барлығы 36 965 адам қатысқан.

“Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді,”- делінген хабарламада. 

Жалпы 2021-2022 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінген. Гранттардың ең көп саны педагогикалық мамандықтар – 3642, одан кейін инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 3429 грант, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 1233, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар – 527 грант бөлінген.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз