Бір күнде коронавирус және пневмониядан 53 адам қайтыс болды

0
266
Photo: Turar Kazangapov

19 қазандағы ақпаратта Қазақстанда коронавирус және пневмониядан 53 адам қайтыс болды. 1387 адам індет жұқтырды. Елде пандемия басталғалы инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 919 533 адамға жеткен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өңірлер бойынша бір күнде Нұр-Сұлтанда – 149, Алматыда – 250,
Шымкентте – 33, Ақмола облысында – 126, Ақтөбе облысында – 15, Алматы облысында – 111, Атырау облысында – 24, Шығыс Қазақстан облысында – 85, Жамбыл облысында – 13, Батыс Қазақстан облысында -15, Қарағанды облысында – 148, Қостанай облысында – 103, Қызылорда облысында – 14, Маңғыстау облысында – 7, Павлодар облысында – 159, Солтүстік Қазақстан облысында – 128, Түркістан облысында – 7 адамнан коронавирус анықталған.

Індеттен бір күнде 1910 адам айыққан. Қазір елде 52 225 адам коронавирустан емделіп жатыр. 9 130 пациент стационарда, 43 095 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

627 адамның жағдайы ауыр, 168 пациенттің жағдайы өте ауыр, 96 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

Өңірлердің эпидемиологиялық ахуалы:

🔴 “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.

🟡 “Сары” аймақта : Қарағанды, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

🟢 “Жасыл” аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз