Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус деректерін жариялады

0
238
Жедел жәрдем көліктері.

26 қарашадағы ақпарат бойынша Қазақстанда 971 адамнан коронавирус табылды. 92 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 13 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 968 340 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 2020 жылдың 13 наурызынан бері жалпы 82360 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 5130 адам қайтыс болған. 73443 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 27 696 адам емделуде, олардың ішінде 5 857 пациент стационарда, 21 839 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 422 адамның жағдайы ауыр, 121 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 81 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз