Коронавирустың жаңа штамына байланысты ДДСҰ (WHO) шұғыл жиналыс жасайды

0
229
ДДСҰ сарапшылары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың қауіпті штамына (B.1.1.529 SARS-CoV-2) байланысты жұма күні төтенше кездесу өткізеді. Бұл туралы Sputnik сайты хабарлады.

Шұғыл жиында Оңтүстік Африка Республикасы мен Ботсванада табылған жаңа штамм талқыланады. Қазіргі таңда ОАР-да коронавирустың бұл түрін 22 адам жұқтырған.

Жиналыста ДДСҰ сарапшылары вирустың жаңа түріне баға береді. Жаңа штамм алаңдаушылық туғыза ма, жоқ па, соны анықтайды.

Мутациялардың көбі жаңа штамның өте тез жұғатынын және вакциналардың оған әсері тиімсіз болатынын көрсетіп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз