Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус деректерін жариялады

0
107
Photo: pricom.kz

9 қыркүйектегі ақпарат бойынша Қазақстанда 4106 адамнан коронавирус табылды. 302 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 72 адам – коронавирустан, 14 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы ақпарат бойынша ең көп науқас Алматы (976) қаласында және Қарағанды (549) облысында тіркелген. Одан кейін Алматы облысы (330) және Нұр-Сұлтан қаласы (329), Павлодар (229), Ақтөбе (222) облыстары тұр.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 828 224 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылға жуық уақыт ішінде жалпы 71948 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4611 адам қайтыс болған. 59414 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 84 262 адам коронавирус инфекциясынан (–76 339 + және 7 923 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 17 749 пациент стационарда, 66 513 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 1 390 адамның жағдайы ауыр, 346 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 197 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз