Әзербайжаннан Таулы Қарабаққа алғашқы рейс жасалды

0
164

5 қыркүйекте Әзербайжан астанасы Баку қаласынан Армения оккупацисынан босатылған Қарабақтағы Физули халықаралық әуежайына алғашқы рейс жасалды. Бұл туралы haberrus.ru сайты хабарлады.

Әзербайжандық әуекомпаниясына (AZAL) тиесілі Airbus A340-500 типті “Қарабақ” жолаушылар ұшағы сынақтық рейсін жасады. Ал, Физули халықаралық әуежайы, құрылысы толық аяқталмағанына қарамастан алғашқы рейсін қабылдады.

Жолаушылар ұшағында Баку-Физули бағыты бойынша ұшу уақыты шамамен 35 минутты құрады.

Бұдан бөлек Физули әуежайына әзербайжандық Silk Way авиакомпаниясына тиесілі Boeing 747-400 ірі жүк ұшағы қонды. Бұл ұшақпен Қарабақта алғаш рет әуе қатынасы арқылы жүк жеткізілді.

“Бұл әуежай Қарабақтың әуе қақпасына айналады. Қысқа мерзімге қарамастан Физули әуежайы халықаралық әуежайларға қойылатын барлық жоғары талаптармен салынды”, – деді “AZAL” президенті Джахангир Әскеров.

Физули халықаралық әуежайында ұзындығы 3 мың метр және ені 60 метр болатын ұшу-қону жолағы пайдалануға берілді. Осылайша әуежай барлық ұшақ түрлерін қабылдай алады.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) және халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) стандарттарына сәйкес салынған Физули әуежайын қыркүйек айының соңында пайдалануға беру жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз