ҰҚДО: Нұр-Сұлтан қаласы “қызыл” аймақтағы жалғыз қала

0
198
Photo: Turar Kazangapov

Коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймақта жалғыз Нұр-Сұлтан қаласы қалды. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.

Ел астанасымен бірге “қызыл” аймақта тұрған Қарағанды облысы бүгін “сары” аймаққа өтті.

Қазір “сары” аймақта Павлодар, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы бар.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы коронавирустың таралуы бойынша бұрынғыша “жасыл” аймақта.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан “жасыл” аймақта тұр.

Атап өтейік, өткен тәулікте елде 1000 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 203 адам вирус жұқтырып, 245 адам індеттен емделіп шықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз