Қазақстанға қызанақ пен бұрыш әкелуге тыйым салынды

0
188
photo: pixabay

7 маусымнан бастап Қазақстанға Түркменстаннан қызанақ пен бұрыш өнімдерін әкелуге тыйым салынып, уақытша карантин шаралары енгізілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

“Бұл – қызанақ пен бұрыштан қауіпті организмдердің анықталуы жиілегендіктен енгізілген шаралар,”- деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Түркменстаннан Қазақстанға жеткізілетін қызанақтарға фитосанитариялық бақылау жүргізгенде “қоңыр әжім” вирусының (Tomato brown rugose fruit virus) 19 дерегі анықталған. Одан кейін Түрікменстанның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қызметінің атына карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификациялар жіберілді.

Жалпы, өсімдіктер карантині саласында жыл басынан бері Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге қатысты 1300-ден астам заң бұзушылық анықталған. Карантиндік фитосанитариялық талаптарды бұзып, карантинге жатқызылған 11 мың тонна өнімді жеткізбек болғандар ұсталған. Бұдан бөлек, Қазақстанға жеткізілетін өнімнен карантиндік объектілер табылған 155 жағдай тіркелді.  Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 56 млн теңгеден астам сомада айыппұл төледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз