ҰҚДО: Нұр-Сұлтан қаласы “қызыл аймақтағы” жалғыз қала

0
169
Photo: Turar Kazangapov

Коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймақта жалғыз Нұр-Сұлтан қаласы қалды. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы хабарлады.

Қазір “сары” аймақта Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары бар.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары коронавирустың таралуы бойынша бұрынғыша “жасыл” аймақта.

Жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстан “жасыл” аймақта тұр.

Атап өтейік, өткен тәулікте елде 1174 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 372 адам вирус жұқтырып, 260 адам індеттен емделіп шықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз