Сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы өтеді

0
385
Парламент палаталарының ғимараты.

21 маусым күні Қазақстан парламенті қос палатасының бірлескен отырысы өтеді. Жиынды шақыру туралы қаулыға мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойды. Бұл туралы парламенттің ресми сайты хабарлады.

Жарлыққа сай, парламенттің бірлескен отырысы алдағы дүйсенбі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-де басталады. Күн тәртібінде нендей мәселе қаралатыны белгісіз. Қаулыда ол жөнінде ештеңе айтылмаған.

Өткен жылы депутаттар демалысқа 30 маусымда кеткен. Парламент сессиясы қос палатаның бірлескен отырысында жабылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз