ДСМ: Коронавирус жұқтырған 236 науқастың жағдайы ауыр

0
180
Photo: astana.gov.kz
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 753 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 11 адам қайтыс болған, коронавирусқа ұқсас пандемияға 56 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Пандемия басталғалы елде 2 718 адам қайтыс болған.

Министрлік мәліметінше елде 20 387 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 574 пациент стационарда, 15 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:
• 236 адамның жағдайы ауыр;
• 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз