“Білім-инновация” лицейлері қабылдау емтиханының уақытын жариялады

0
1,136
Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицейіне емтихан тапсырып отырған оқушылар.

“Білім-инновация” лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-ші кезеңі 17 сәуірде өтеді. Бұл туралы “Білім-инновация” ХҚҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік күнінде Нұр-Сұлтан әкімі жаңа мектеп ашты

“Білім-инновация” лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-ші кезеңі: аудандық кезең 2021 жылдың 17 сәуір күні, қалалық кезең 2021 жылдың 24-25 сәуір күндері өтетінін қуана хабарлаймыз.
2-кезеңнің өтетін мерзімі: 2021 жылғы 16 мамыр”, – делінген қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Емтиханға тіркеу 1 наурыз бен 20 сәуірге дейін онлайн түрде жүзеге аспақ.

Оқи отырыңыз: Дархан Өте: Қазақстандағы мектеп білімін бейтарап бағалайтын сарапшы қажет

Қабылдау емтиханының ережесі мен қатысу нұсқаулығы туралы толығырақ “Білім-инновация” ХҚҚ әлеуметтік желілерінен білуге болады.

“Білім-инновация” лицейлері (бұрынғы КТЛ) Қазақстанда 1993 жылдан бастап ашыла бастады. Лицей емтиханына елдегі 6-сыныпты бітірген кез – келген оқушы тапсыра алады. Білім мен тәрбиені қатар қоятын мектептерден осы уақытқа дейін көптеген халықаралық олимпиада жүлдегерлері түлеп ұшты. Олар Қазақстанның дамуы үшін түрлі салада қызмет етіп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз