Тәуелсіздік күнінде қала әкімі жаңа мектеп ашты

0
522

Елордада қала әкімі Алтай Кульгиновтың қатысуымен жаңа заманауи мектептің ашылуы өтті. Жаңа мектепте дарынды балаларға арналған “Білім-Инновация” мектеп-лицейінің оқушылары білім алады. Бұл туралы Kazaknews.kz сайты хабарлады.

Жаңа мектепте оқушыларға білім және салауатты өмір ұстанымы жағынан жағдайлар жасалған. Мектепте домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ кабинеттері, және спорттық үйірмелер бар. Ашылу салтанатында оқушылар биология, химия, физика, математика және робототехника сабақтарының өту процесін және де осы күнге дейін жеткен жетістіктерімен таныстырды

Солдан оңға қарай: қала әкімі Алтай Кульгинов, “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қоры директоры Дархан Өте, дарынды ер балаларға арналған “Білім-Инновация” мектеп-лицейінің директоры Эльбрус Пириев

Ашылу салтанатында мектепке “Білім-Инновация” Халықаралық қоғамдық қоры 10 миллион теңгелік сертификат табыстады. Бұдан бөлек мектеп оқушылары олимпиадалардан алған жүлделері арқылы 1 миллион теңге және мектепті бітіріп кеткен түлектері бірігіп 5 миллион теңгелік сертификатты сыйға тартты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз