Әлемдегі ең бай спортшының бірі көлік апатына түсті

0
191
Гольфшы Тайгер Вудстың көлігі апатқа ұшыраған жер.

АҚШ-тың Лос Анжелес қаласында көлік апатына түскен 45 жастағы гольфшы, әлемдегі ең бай спортшылардың бірі Тайгер Вудсқа операция жасалды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. 

Гольф спортының 15 дүркін чемпионын көліктен медқызметкерлер мен өрт сөндірушілер алып шыққан.

Спортшы жедел жәрдем көлігімен Калифорния штатындағы Вест Карсон қаласындағы Harbor-UCLA медициналық орталығына жеткізілген.

Гольфшы Тайгер Вудс.

Вудстың көмекшісі Марк Стейнберг спортшыға сейсенбі күні ота жасалғанын және жарақаттары туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Тайгер Вудс соңғы рет көлік апатына 2009 жылдың қарашасында түскен. Кейін гольфқа сәл үзіліс жасап, қайта оралды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз