Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені салынады

0
545

Түркістанда бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы 320 орындық спорт кешені бой көтереді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғимарат, Түркістан қаласының Саттарханов даңғылында орналасады. Жоспар бойынша спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері болады.

“Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, 2022 жылы пайдалануға беріледі”,- делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Бекзат Саттарханов бокстан Олимпиада чемпионы (Сидней; Олимпиада 2000). Ол 1980 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатынан қаза тапты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз