Дархан Өте: Қазақстандағы мектеп білімін бейтарап бағалайтын сарапшы қажет

0
778

PISA — мектептердегі білім беру сапасын анықтайтын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) халықаралық бағдарламасы. Бүкіл әлем ғалымдары бағдарлама сапасын арттыру бағытында жұмыс жасап арнайы тест әзірлеумен айналысады. 2018 жылы бұл зерттеуге 79 елдің оқушылары қатысты. Рейтингте 15 жастағы қазақстандықтар 69-орыннан көрінген. Енді сұрақ, неліктен Қазақстан зерттеуге қатысқан барлық жылда төмен нәтиже көрсетті? Осы сұрақ білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM платформасында тікелей эфирде талқыланды. 

“Білім-инновация” ХҚҚ президенті Дархана Өтенің пікірінше, Қазақстанға тек елде ғана емес, бүкіл әлемде мектеп білімін объективті бағалауға қабілетті халықаралық сарапшы қажет. Оның зерттеулері, білім беру жүйесін жетілдіру үшін пайдалы болуы мүмкін және рейтингте жоғары орынға көтерілуге көмектеседі.

“Біз ғана емес, бүкіл әлем білімге инвестиция салады. Сондықтан бізге PISA бойынша арнайы сарапшы қажет. Рейтингте күтпеген жерден жаңа мемлекеттер мен жаңа қалалар пайда болады. Қарапайым мысал — Эстония. Бір кездері бұл ел Кеңес Одағының құрамында болды. Мен Эстониядағы білім берудің даму кезеңіне талдау жасадым. Біріншіден, олар бірден мектептер мен мұғалімдерге академиялық еркіндік берген. Екіншіден, оқытудың заманауи тәсілдері тәуелсіздік алған сәтте енгізілген. Үшіншіден, мұғалімдердің жалақысын көтерген. Эстонияда қарапайым мұғалім айына орта есеппен 1600 евро (822 486 теңге) алады”, – деді Дархан Өте.

2018 жылғы PISA рейтингінде алғашқы ондыққа Қытай, Сингапур, Макао, Гонконг, Эстония, Канада, Финляндия, Ирландия, Оңтүстік Корея, Польша кірді. Тест әр үш жыл сайын тапсырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз