Ағашты заңсыз кескені үшін төленетін айыппұл 5 есе өседі

0
179

Парламенттің жоғарғы палатасы Экология кодексінің заң жобаларына түзету енгізіп, ағашты заңсыз кескені үшін төленетін әкімшілік айыппұлды 5 есе көбейтті. Бұл туралы сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат депутаттары “Экологиялық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын қарады.

Сенаторлар Қылмыстық кодекстің 340-бабына және әкімшілік кодекстің 381-1, 386 және 505 баптарына тиісті өзгертулер енгізді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ағаштарды кескені үшін:

  • жеке тұлғаларға – 150 АЕК (416 700 теңге)
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 450 АЕК (1 250 100 теңге)
  • Ірі кәсіпорындарға 1500 АЕК-ке (4 167 000 теңге) дейін айыппұл салынады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің айтуынша, егер келтірілген шығын 100 АЕК-тен асып кетсе, онда заң бұзушы қылмыстық жауапқа тартылады. Соған байланысты дүние-мүлкін тәркілей отырып, айыппұл салу, түзету және қоғамдық жұмыстарға тарту немесе қамауға алу жазалары қарастырылған.

Заң күшіне енгеннен кейін өкілетті орган осы және басқа нормаларды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруы тиіс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз