Коронавирус: Қазақстан “қызыл аймаққа” кірді

0
244

28 маусым таңертеңгі ақпаратта Қазақстан елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “қызыл аймақта”.
Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады

Одан бөлек Нұр-Cұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта”. 

Қазақстанда өткен тәулікте 1686 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Нұр-Сұлтан(507),  Алматы(215), Қарағанды(278), Шымкент(103) және Батыс Қазақстан(101) аймақтарында.

Қалған “қызыл аймақтағы” Атырау облысында 73 адам тіркелді. Одан бөлек, өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 419 800 адамға жеткен.

Бір күнде 10 адам коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. 

Қазір коронавирустан 24 001 адам (оның ішінде 1294 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 474 адамның жағдайы ауыр, 98 науқастың жағдайы өте ауыр. 66 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз