Лукашенко Тоқаевқа телефон шалды

0
308
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь басшысы Александр Лукашенко. Photo: akorda.kz

26 маусым күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Беларусь басшысы Александр Лукашенко қоңырау шалды. Ақорда сайты таратқан ақпаратта президенттер екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және оны нығайтудың перспективаларын талқылаған.

Тараптар өзара сауда-саттық көлемін арттыруға, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мән бере отырып,  сауда-экономикалық ықпалдастық пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударды.

Бұдан бөлек президенттер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал,  сондай-ақ, екі ел халқын жаппай вакциналау үшін қабылданып жатқан шаралар жайында пікір алмасты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз