Нұр-Сұлтанда екпе алуға кезекке тұрғандар күрт көбейді

0
234
Екпе алуға кезекте тұрған қала тұрғындары. Photo: Astana.gov.kz

Астана тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцина алу үшін БМСК мекемелерінде орналасқан егу пункттерінде, сондай-ақ СОО мен қаланың сауда үйлерінде күн сайын кезекте тұр. Қала әкімдігінің сайты өткен тәулікте екпе алғысы келетіндер саны екі есе өскенін хабарлады.

25 маусымдағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін 195,7 мың адам алған. Ал бір тәулік ішінде екпе алғандар саны екі есе өсті.

Қала тұрғындары арасында елде “үнді штамы” анықталғаннан кейін вакцина алуға бел буғандар да бар.

Қала әкімі Алтай Көлгінов вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өтетінін хабарлаған. Оған вакцинаның бірінші компонентін 25 маусым мен 31 тамыз аралығында алған азаматтар қатыса алады.

Сондай-ақ, елорда кәсіпкерлері қала тұрғындарын ынталандыру үшін вакцина алғандар арасында бағалы сыйлықтар ұтысын өткізіп жатыр.

Мысалы, “Азия Парк”, “Mega Silk Way”, “Сарыарқа”, “Абу-Даби Плаза”, “Керуен”, “Еуразия” СОО-ларында тұрмыстық және компьютерлік техника секілді бағалы сыйлықтар ойнатылып, жеңілдік купондары сыйға беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз