Әлемде коронавирустан 5 миллион адам қайтыс болды

0
140

Джонс Хопкинс университетінің дерегі бойынша 2 қарашада әлемде коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адам саны 5 020 658-ге жеткен. 

Дүние жүзінде індетке шалдыққандардың жалпы саны 247 865 705 адамға жетті, ал жазылғандар саны 224 559 467 адам.

Дертке шалдыққандардың көбі АҚШ (46 млн) пен Үндістанда (34 млн) тіркелген.

Коронавирус жұқтырғандар саны ең көп 10 ел:

  • АҚШ – 46,9 млн;
  • Үндістан – 34,2 млн;
  • Бразилия – 21,8 млн;
  • Ұлыбритания – 9 млн;
  • Ресей – 8,5 млн;
  • Түркия – 8 млн;
  • Франция – 7,1 млн;
  • Иран – 5,9 млн;
  • Аргентина – 5,2 млн;
  • Испания – 5 млн;

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз