Министрлік коронавирус деректерін жариялады

0
87
Жедел жәрдем көліктері.

17 қыркүйектегі ақпарат бойынша Қазақстанда 3081 адамнан коронавирус табылды. 236 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 62 адам – коронавирустан, 8 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы ақпарат бойынша ең көп науқас Алматы (651) қаласында және Қарағанды (392) облысында тіркелген. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (338) және Алматы (252), Ақтөбе (224) облыстары тұр.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 854 742 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылға жуық уақыт ішінде жалпы 73599 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 4714 адам қайтыс болған. 60358 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 72 789 адам коронавирус инфекциясынан (–64 262 + және 8 527 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 610 пациент стационарда, 59 179 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Оның ішінде 1 064 адамның жағдайы ауыр, 317 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 192 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз