GQ Russia: Иманбек “жыл жаңалығы”

0
92

17 қыркүйекте танымал қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов GQ Russia журналының “жыл жаңалығы” номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы ресейлік журнал өз сайтында жариялады.

“Grammy сыйлығы – бұл аудио платформаларда миллиардтаған тыңдалымы бар және әлемдік музыка компанияларымен келісімшарты бар жүлде. Биыл барлық жерде шырқалған “Roses” әнінің ремиксін жасаған қазақстандық жас диджей және продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл тек бастамасы ғана екеніне сенімдіміз,”- делінген журнал бетінде.

Биыл наурыз айында қазақстандық Imanbek беделді Grammy музыкалық сыйлығына ие болды. Марапаттау рәсімі осы жылдың 31 қаңтарында өтуі керек еді. Алайда пандемияға байланысты марапаттау рәсімі 15 наурызға ауыстырылды. Онлайн өткен 63-ші Grammy рәсімінде Иманбек Зейкенов “үздік ремикс” номинациясының жеңімпазы атанды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық диджей Grammy сыйлығының жеңімпазы атанды

20 жастағы Иманбек Павлодар облысының Ақсу қаласында туған. Бала кезінен музыканы жақсы көрген. Бірақ 17 жасында теміржолшы мамандығына оқып, жергілікті теміржол станциясында жұмыс істей бастайды. 2019 жылдың жазында музыкант америкалық рэпер SAINt JHN-ның Roses трегіне ремикс жасап, оны әлеуметтік желіге жүктейді. Бірнеше айдан кейін трек әлемдік хитке айналып, нәтижесінде Иманбек Grammy сыйлығын иеленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз