Нұр-Сұлтанда карантин тағы да күшейтіледі

0
225
Сурет: astana.gov.kz / Нұр-Сұлтан қаласы

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 800-ден астам науқас тіркелді. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауыны байланысты карантин тағы да күшейтілмек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгіннен бастап мейрамхана, кафелер және басқа да мекемелерде іс-шаралар өткізілсе, ол нысанның жұмысы тоқтатылатын болады.

Сонымен қатар, 4 шілдеден бастап “Ashyq” жобасы бойынша жұмыс істейтін тамақтану орындарының (мейрамханалар, кафелер) уақыты 02:00-ден 22:00-ге дейін (жабық жерлерде), ал сыртта, яғни есік алдында жұмыс істейтін тамақтану орындарының уақыты 02:00-ден 00:00-ге дейін қысқарады.

Сондай-ақ, жексенбі күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Бұл күні автобустар дезинфекцияланады.

“Ashyq” жобасын қолданбайтын фитнес-орталықтардың жұмысы аптаның барлық күнінде тоқтатылады. Ал “Ashyq” жобасы бойынша істейтін фитнес-орталықтар дүйсенбі-жұма күндері жұмыс істесе, демалыс күндері тоқтатылады.

Әкімдік сайты таратқан ақпаратта қалада қатаң шектеу енгізбес үшін ұжымдық иммунитетті дамыту қажеттігі жазылған. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы тиіс. Қазір қалада вакцинаның бірінші компонентін 229 мыңнан астам адам алған. Медицина қызметкерлерінің 90%-дан астамы, ал коммуналдық қызметкерлердің 70%-дан астамы коронавирусқа қарсы екпе алған.

Еске сала кетейік, 2 шілдеден бастап қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың елорда күніне арналған бұқаралық іс-шараларға тыйым салу туралы қаулысы күшіне енеді. Жабық мекемелердегі іс-шаралардың бәріне тыйым салынады.

Сондай-ақ саябақ аумағында орналасқан ашық ауадағы аттракционның барлығына тыйым салынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз