БИЛ оқушысы халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды

0
318

Орал “Білім-инновация” лицейінің 10-сынып оқушысы Мақсотов Жамбыл 33-ші Халықаралық информатика олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. Бұл туралы “Білім-инновация” халықаралық қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлады.

IOI 2021 (International Olympiad in Informatics) 33-ші Халықаралық олимпиадасы 19-28 маусым күндері болды. Олимпиада, Сингапур ұлттық университетінде онлайн-форматта өтті. Зияткерлік байқауға әлемнің 88 елінен 351 оқушы қатысты.

“Бұл әлемнің әр түкпіріндегі жас программисттерінің басын қосатын халықаралық деңгейдегі олимпиада. Аталмыш білім додасына Қазақстан құрама командасының атынан қатысқан оқушымыз Мақсотов Жамбыл қола жүлдегер атанды” – делінген хабарламада.

Қазақстанның атынан халықаралық деңгейдегі байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қаласынан 4 оқушы қатысты. Осылайша құрама команда қоржынында 4 қола медаль бар. Медаль иегерлері – Мақсотов Жамбыл, Мұқымбеков Мансұр, Ашуров Әлтайыр, Сахмолдин Мухаммадариф.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз